Аудандық мәслихат депутаттары Талшық ауылындағы ауылішілік жолдарының жөнделу барысына мониторинг жүргізді

Аудандық мәслихат депутаттары Талшық ауылындағы ауылішілік жолдарының жөнделу барысына мониторинг жүргізді

Жол құрылысы іс-шараларын жүзеге асырудың ашықтығы мен сапасын қамтамасыз ету жұмысы аясында аудандық мәслихат депутаттары М.Р. Жүсіпбеков, С.А. Ахметова, Н.О. Хасенов жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Талшық ауылындағы ауылішілік жолдарға мониторинг жүргізді.

Аталмыш мониторинг барысында халық қалаулылары жұмыстың ағымдағы жағдайымен танысып, жаңа жол төсемесі төселген аумақтарды аралап көрді, сонымен қатар мердігер компания өкілдерімен және ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

Аудандық мәслихат депутатының М.Р. Жүсіпбековтың айтуынша, жұмыс барысында белгіленген мерзімдер мен сапа стандарттарын сақтауға баса назар аударылады:

"Жол жөндеу – халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін бірінші кезектегі міндет. Біз барлық жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес және белгіленген мерзімде жүргізілуін қамтамасыз етеміз", - деді депутат.

Жергілікті тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға бағасын беріп, басшылардың назарына алғыстарын білдіре отыра, өз ұсыныстарын да жеткізді. Мердігер компания өкілдері жөндеу жұмыстарының бекітілген кестеге сәйкес және сапалы материалдар пайдаланылып жатқанын растады.

Мониторинг қорытындысы бойынша депутаттар ауылдағы жол құрылысының тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған тиісті ұсыныстар берді.

Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда болады.