Сапалы ауыларалық жолдар инфрақұрылымды дамыту мен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырудың маңызды шарты болып табылады.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты О.С. Искакова және Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы М.Р. Жүсіпбеков Дәуіт пен Қызылту ауылдарының аралығындағы автомобиль жолының жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізді. Аталмыш жөндеу жұмыстары «Көкшетау жолдары» ЖШС кепілдемесі негізінде жүргізілуде. Мониторинг барысында депутаттар Ленинград ауылдық округінің әкіміне және «Көкшетау жолдары» ЖШС өкілдеріне жолдардың жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар беріп өтті.