Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Бүгін аудандық мәслихат төрағасы М.Р.Жүсіпбековтің төрағалығымен аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымның кезекті 30 сессиясы өтті.

Сессия басталмас бұрын төраға М.Р. Жүсіпбеков депутат О.Л. Сватконы өткен туған күнімен құттықтады, осы жылдың 14 мамыры күні тағайындалған аудандық мәслихат аппаратының басшысы Т.М. Хасеиновты жиналған қауымға таныстырып өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімі Р.М. Елубаев, облыстық Тексеру комиссиясының мүшесі М.Ж. Ебжанов, облыстық мәслихат депутаты О.С. Искакова, ауылдық округтердің әкімдері, аудандық бөлімдердің, қоғамдық кеңес пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Депутаттардың кворумы сессия жұмысын бастауға мүмкіндік берді.

Депутаттардың қарауына келесі мәселелер еңгізілді:

  • Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы;
  • Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің 2024 жылғы атқарылуы туралы есептерді бекіту туралы;
  • «Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 ақпандағы № 16-6 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы.

Бірінші мәселе бойынша Ақжар ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысының м.а. А.М. Малғаждарова 2024 жылғы аудан бюджетінің атқарылу қорытындыларын жан-жақты баяндап берді. Бұдан әрі осы мәселе бойынша қосымша баяндаманы М.Ж. Ебжанов Солтүстік Қазақстан облысы Тексеру комиссиясының 2024 жылға арналған аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін депутаттарға ұсына отырып жасады. Қаралғаннан кейін, аудан бюджетінің атқарылуы туралы есепті мәслихат депутаттары бекітті. Сондай-ақ, депутаттар 2024 жылғы ауданның ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерін назарға алды.

Үшінші сұрақ бойынша Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а. С.С. Мұқалықова «Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 ақпандағы № 16-6 шешіміне еңгізілуге ұсынылған өзгерістер жөнінде баяндап берді.

Сессия мәселелерін қарағаннан кейін аудан әкімі Р.М. Елубаев депутаттарға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын нығайту бойынша бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы депутаттық қызметіне табыс тіледі.

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы осымен аяқталды.