Мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада өтті

Мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада өтті

Ақтөбе қаласының құрама командасы мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадада футболдан чемпион атанды.

Хромтау қаласында өткен спартакиаданың облыстық деңгейінде Ақтөбе қаласының командасы финалда Темір ауданы командасымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Енді Ақтөбе командасы республикалық спартакиадада бақ сынайтын болады.

Ақтөбе қаласының командасының құрамында қалалық мәслихаттың аппарат басшысы Рамазан Ногуманов пен бас маманы Темірлан Тайшыбаев бар.

Айта кетсек, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада биыл Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызметшілер бірнеше командаға бөлініп, спорттың 8 түрінен бақ сынады.