Мәслихаттың индустриалдық даму, инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті

Мәслихаттың индустриалдық даму, инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті

28 сәуірде мәслихаттың индустриалдық даму, инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия отырысында бірқатар бөлімдердің 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы жөніндегі есептері тыңдалды.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің 2024 жылғы бюджеті 56,6 млрд.тг. құрады. Оның ішінде 33,8 млрд.тг. қалалық бюджеттен бөлінді.

11 млрд.тг. көлік инфрақұрылымын дамыту бағытына жұмсалды. Қаражат Ер Тарғын көшесінде жол құрылысы, Шестихатка, Кірпішті, Астана, Шилісай, Қызылжар-3, Ясный-2 алаптарында жол құрылысы, сондай-ақ Батыс-2, Жаңақоныс-2, Есет батыр-7, Бауырластар-3, Сазды, Саяжай, Ақжар-2 алаптарындағы мектептерге жол салу жұмыстары, т.б. жобаларға бағытталды. 31 жаңа жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

Жолдарды күрделі және орташа жөндеу бойынша жобаларға 7,8 млрд.тг. бөлінді. Мәселен, 17 көшеде күрделі жөндеу жұмыстары (Телефонная, Солнечная, Илецкий, Нахимов, Әуезов, Қазанғап, Хмельничкий, Тілепбергенов, Целинная, Жұмабаев, Разин, Московская, т.б.), 16 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп бастады. Бұл жобалар биыл аяқталмақ. Тағы 11 көшеде күрделі жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

5,5 млрд.тг. жолдарды жазғы-қысқы күтіп ұстауға, ағымдағы шұңқырлы жөндеуге, қиыршық тас тасымалдауға бағытталды.

3,3 млрд.тг. – абаттандыру жобаларына бөлінді. Қаражатқа көпқабатты тұрғын үйлердің 25 аулаларында кешенді абаттандыру жұмыстары басталды. Сондай-ақ 11 шағын ауданы, Илецкая көшесі, Авиатор ауданында суағар кәріздерінің құрылысы жүргізілуде. Жобалар ауыспалы.

9,3 млрд.тг. әлеуметтік маңызы бар қалалық қатынастағы жолаушылар тасымалын субсидиялауға жұмсалды.

Отырыс барысында депутаттар мен Қоғамдық кеңес мүшелері ТҮКШ бөліміне саябақтардың ағымдағы жағдайы, көшелер мен елді мекендерді жарықтандыру, инженерлік коммуникациямен қамту мәселелері бойынша сұрақтары мен ұсыныстарын берді. Сондай-ақ бұл жұмыстардың қала дамуындағы маңыздылығын атап өтіп, бақылау бағытында бірлесіп жұмыс жасауға қашан да дайын екендерін жеткізді.