
Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы Анар Даржанова Сенат жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысына қатысты.
Отырыста:
✔️жергілікті бюджеттің қаржылық мүмкіндіктерінкүшейту шаралары
✔️ауыл шаруашылығын және қоршаған ортаны
қорғауды дамыту мәселелері
✔️өңірлер экономикасы және өңірлік әлеуметтік саясат, инклюзивті қоғамды дамыту
✔️мәслихаттардың мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесіндегі рөлі
✔️депутаттардың қызметін кәсібилендіру тақырыптары қозғалды.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәслихаттардың «Күшті Президент – Ықпалды Парламент –Есеп беретін Үкімет» үш тағанының маңызды элементі ретінде рөлі айтарлықтай нығайғанын және жергілікті жерлерде қоғамды ұйыстырушы орталыққа айналғанын атап өтті.
Пленарлық отырыстарда Сенат депутаттары, вице-министрлер, сала эксперттері, оқытушылар тақырыптар аясында сөз сөйлеп, «Zertteu Research Institute», «Talap» зерттеу орталықтарының өңірлердің дамуы бойынша аналитикалық қорытындылары ұсынылды.
Отырысқа барлық өңірлерден қатысқан мәслихат төрағалары мен депутаттар да өзекті сұрақтар мен ұсыныстарын көтерді.