Қала әкімі Азамат Бекеттің қатысуымен қалалық мәслихаттың кезекті он бірінші сессия отырысы өтті

Қала әкімі Азамат Бекеттің қатысуымен қалалық мәслихаттың кезекті он бірінші сессия отырысы өтті

Қала әкімі Азамат Бекеттің қатысуымен қалалық мәслихаттың кезекті он бірінші сессия отырысы өтті.

Күн тәртібінде: 2024 - 2026 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы; Ақтөбе қалалық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №220 «2023-2025 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы №298 «Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешiмiне өзгерістер енгізу туралы; «Ақтөбе қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы; 2024-2025 жылдарға арналған Ақтөбе қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы және басқа да мәселелер қаралады.
Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қаланың алдағы үш жылға арналған 2024-2026 жылдарға арналған бюджет жобасын қарады. Сессия отырысына дейін тұрақты комиссия отырыстарының бекітілген кестесіне сәйкес 5 комиссия отырысы өтті. Қаланың 18 мемлекеттік мекемесінің баяндамалары тындалып, қаралды.

Ақтөбе қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджет шығыстарының жобасы 278,5 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде 2024 жылға – 89,9 млрд. теңге, 2025 жылға-92,9 млрд. теңге, 2026 жылға-95,7 млрд. теңге.

Жалпы, 2024 жылға арналған қалалық бюджет шығыстары келесі мақсаттарға бағытталған: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары саласына 43,3 млрд. теңге. Соның ішінде көлік инфрақұрылымды дамытуға 10,4 млрд. теңге бағытталды. Кирпичный ауылындағы Елек өзені арқылы өтетін көпірден «Ақтөбе-Орск» жолына дейінгі автомобиль жолын қайта жаңартуына, 3 автожолдарын орташа жөндеуге және қала аумағындағы автомобиль жолдарының құрылысына, күрделі жөндеуіне 44 жобалау-сметалық құжаттарды (ЖСҚ) дайындау жоспарлануда.

Сондай-ақ, көшелерді жарықтандыруға 2,7 млрд.теңге; қала жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 408,6 млн. теңге, әлеуметтік маңызы бар 39 қала маршруттарын субсидиялауға 10,3 млрд. теңге, қаланың мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына тұрақты қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруіне 400 млн. теңге жоспарлануда.
Құрылыс саласына тоқталатын болсақ, 2024 жылға 13,4 млрд. теңге қарастырылды. Нұр Ақтөбе тұрғын массивінде 9 қабатты жалға берілетін №27 тұрғын үй құрылысы 629,2 млн. теңге және Жанақоныста 140 пәтерлі жатахана құрылысы жобаларына түзету жүргізу үшін 596,8 млн теңге қаражат қарастырылып отыр.
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша 3 млрд.теңгеге Жанақоныстағы 140 пәтерлі жатахананың инженерлік желілерінің құрылысын, Жанаауыл-1, Батыс-3, Ақжар плюс, Рауан-2 т/а электр желілерінің құрылысы, Баянауыл-1 т/а газ желілерінің құрылысы. Бұдан бөлек, 9 жобалау-сметалық құжаттамаларын аяқтауға қарастырылып отыр.

Астана және Алматы аударының әкімдігімен қала аумағында санитариялық күтімі жұмыстары, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары және автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу қамтамасыз етіледі. Жоспарлы жылда бұл жұмыстарға 6,3 млрд. теңге бағытталуда.
Халық қатысатын бюджет жобасы аясында 86 жобаны жүзеге асыруға 2,3 млрд. теңге бөлініп отыр.
Азаматтарға әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек көрсетуге қала бюджетінен 8,8 млрд. теңге бағытталуда. Бұл шығыстардың 3,5 млрд.теңгесі әлеуметтік төлемдерді құрайды: Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және мүгедектерді оңалтуға -2,8 млрд. теңге, инватакси (85 көлік) -617,3 млн. теңге, жеке көмекшінің қызметтеріне ақы төлеу -1,5 млрд. теңге және т.б. әлеуметтік көмектер.
Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығына, мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсетуге, тұрақты мекен-жайы жоқ адамдардың әлеуметтік бейімделуге арналған 3 мекемені күтіп ұстауға 831,9 млн.тенге қарастырылды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🔹Ақтобе қалалық мәслиxаты (@maslihataktobe)