С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының базасында заманауи SMART-CENTRE жобасының ашылу салтанаты өтті.

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының базасында заманауи SMART-CENTRE жобасының ашылу салтанаты өтті.

Орталықтың ашылуына Қалалық мәслихат төрағасы Анар Даржанова, мәслихат депутаттары Дияс Иликбаев, Жандос Жаңабай, Зада Касенова, Каирбек Таханов, Денис Степнов, Айман Сексенова да қатысты.

Жобаны облыс әкімдігі «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы — «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен Q88 Қазақстан урбанистер қауымдастығымен ынтымақтастықта іске асырып отыр.
Жобаның мақсаты Ақтөбе облысы жастарының басын біріктіру, жастарға одан әрі табысты өмір сүру және мансап үшін қажетті дағдылар мен білімді жетілдіруге, Soft skills дағдыларын дамытуға көмектесетін, бос уақыттарында сәнді, заманауи және шығармашылықпен айналысатын орын құру. Жастардың мұнда кітап оқып қана қоймай, бос уақыттарын өткізуіне, демалуын, қызығушылықтарын одан әрі дамытуына жағдай жасау.
Кітапханада цифрлық желі іске қосылып, дербес қызмет көрсету жүйелері енгізілді. Бес мың жаңа кітап сатып алынды. Жобада оқу залдарынан өзге тақырыптық аймақтар құрылды: блог түсіруге арналған студия, дауыс жазу студиясы, NFT зертханасы, коворкингтер, камині бар музыкалық қонақ бөлме, мультифункционалды іс-шара кеңістігі, қаладағы ұйымдар жиналатын қауымдастық кеңістігі, тақырыптық кітап залдары, тик-ток түсіру аймақтары, оқу аймағы. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектелген азаматтар үшін де жағдай жасалынды.
Айта кетер болсақ, бұл жоба облыс әкімі, мәслихат депутаттары, және көпшілік қауымнан қолдау тапты.

Орталық 📍Прохоров көшесі, 11 үй мекен-жайында орналасқан.