22 қыркүйекте Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс 40-сессиясы өтті.

22 қыркүйекте Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс 40-сессиясы өтті.

22 қыркүйекте Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс 40-сессиясы өтті. Сессия барысында Ақтөбе қаласының 2026–2028 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.  Облыстық бюджеттен 11,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат қаланың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға бағытталған үш ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға жұмсалады. Атап айтқанда:  Мясоедов көшесі – Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы су құбырын қайта жаңарту;  Мөңке би көшесіндегі кәріз коллекторын қайта жаңарту;  Желтоқсан батырлары көшесі бойымен Шанхай ауданы арқылы Жеңіс даңғылына дейінгі кәріз коллекторын қайта жаңарту жоспарланған. Аталған жобалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылады.  Сонымен қатар, Саяжай және Юго-Запад-2 тұрғын алаптарындағы мектептерге апаратын автомобиль жолдарын салуға қаржы бөлінді.  Қала бюджетінің кіріс бөлігі 2,8 млрд теңгеге ұлғайтылды. Қосымша қаражат жылумен жабдықтау жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, жолаушылар тасымалын субсидиялауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге бағытталды. Қабылданған өзгерістер қаладағы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға, жылумен және сумен жабдықтау жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жол және қоғамдық көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталды.