
13 шілдеде Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы Анар Даржанова, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, полиция және төтенше жағдайлар қызметінің өкілдерімен бірлесіп, тұрақты комиссияның көшпелі отырысы қарсаңында қаланың коммуналдық жағажайларының жай-күйіне мониторинг жүргізді.
Қазіргі таңда Ақтөбе қаласы аумағында шомылу маусымына рұқсат берілген 13 жағажай мен 2 аквапарк жұмыс істейді.
Мониторинг барысында жағажайлардың санитарлық жағдайы, демалушыларға арналған инфрақұрылымның жай-күйі, құтқару бекеттерінің жұмысы, ақпараттық тақтайшалардың, қоқыс жәшіктерінің, киім ауыстыратын орындардың және өзге де қажетті нысандардың жай-күйі зерделенді.
Сонымен қатар, шомылу маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және жағажайларды күтіп-ұстау талаптарының сақталуы мәселелері талқыланды.
Мониторинг барысында қоқыс контейнерлерінің айналасындағы тазалықты тұрақты сақтау және жағажай аумағын уақытылы тазалау мәселесіне ерекше назар аударылды.
Көтерілген мәселелер тұрақты комиссияның отырысында қаралатын болады