Қалалық мәслихаттың кезекті отыз сегізінші сессиясы өтті.

Қалалық мәслихаттың кезекті отыз сегізінші сессиясы өтті.

30 маусым куні қала әкімі Азамат Бекеттің қатысуымен қалалық мәслихаттың кезекті 38-сессиясы өтті.

 Сессия барысында 1,1 млрд теңге көлеміндегі бюджетті нақтылау мәселесі қаралып, депутаттар тарапынан қолдау тапты. Қаражат қала инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыруға бағытталды.

 Инфрақұрылымды дамытуға жаңбыр суын сорып шығару, көше жарығын жаңғырту, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту, Алматы ауданын абаттандыру, көше атауы мен мекенжайлық тақтайшаларды орнату, сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеу жұмыстарына 183,7 млн. теңге бағытталды. Бұдан бөлек, осы бағыттағы өзге де жұмыстарды іске асыруға қаржы бөлінді.

 Әлеуметтік қолдау шараларына 278 млн. теңге қарастырылды. Оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтарға инватакси қызметін көрсетуге және Даун синдромы бар балалар мен ересектерге көлік қызметін ұйымдастыруға қаржы бөлінді.

Сонымен қатар, кадрлық өзгерістерге байланысты әкімдік жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамы жаңартылды.

 Сондай-ақ депутаттар Ақжар-2, Ақжар Плюс, Взрывпром тұрғын алаптары мен оларға іргелес саяжайларда электр энергиясының жиі өшуіне қатысты мәселенің себептерін жан-жақты зерделеп, кешенді тексеру жүргізу және тұрғындарды тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдау жөнінде депутаттық сауал жолдады.