
29 маусым күні қалалық мәслихаттың экономика, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысында қала бюджетін нақтылау мәселесі қаралды.
Мемлекеттік сатып алулардағы үнемделген және қайтарылған қаражат, сондай-ақ қажеттілігі төмендеген бағдарламалар есебінен 1,1 млрд теңге қайта бөлініп, қала тұрғындары үшін маңызды бағыттарды қаржыландыру ұсынылды.
Қаланың инфрақұрылымын дамыту
▪️ 60,3 млн теңге – жаңбыр суын сорып шығару жұмыстарына;
▪️ 38,2 млн теңге – қала көшелеріне 1 298 жаңа жарық шамын орнатуға;
▪️ 10,4 млн теңге – жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту жұмыстарына.
Сонымен қатар, 49,8 млн теңге Алматы ауданындағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына бағыттау жоспарланды.
Әлеуметтік қолдау
▪️ 268,3 млн теңге – тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтарға инватакси қызметін көрсетуге;
▪️ 9,7 млн теңге – Даун синдромы бар балалар мен ересектерге көлік қызметін ұйымдастыруға.
Комиссия отырысында қолдау тапқан ұсыныстар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, әлеуметтік қолдау шараларын күшейтуге және қаланың инфрақұрылымын одан әрі дамытуға бағытталған