БАҚ өкілдеріне ерекше құрмет көрсетілді.

БАҚ өкілдеріне ерекше құрмет көрсетілді.

 Қала мәслихатының төрағасы Анар Даржанова БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоғамды ақпараттандырудағы және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етудегі маңызды еңбегін атап өтті.

Кәсіби мереке қарсаңында бірқатар БАҚ өкілдері қызметкерлеріне мәслихаттың Алғыс хаттары табысталып, олардың өңірдің ақпарат кеңістігін дамытуға қосқан үлесі жоғары бағаланды.

 Әр материалдың, әр сұхбат пен жарияланымның артында үлкен еңбек пен жоғары жауапкершілік жатыр. Ел мүддесі жолында қалам қуатын қоғам игілігіне арнап жүрген сала мамандарына шынайы алғысымызды білдіреміз.

Барша БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, тың идеялар, толайым жетістіктер және сарқылмас шабыт тілейміз!