🔻29 мамыр күні мәслихат төрағасы Анар Даржанованың төрағалығымен, қала әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бисембиннің қатысуымен мәслихаттың кезекті 37 сессиясы өтті.
Депутаттардың қарауына Ақтөбе қаласының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы қалалық әкімдіктің есебі, Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының баяндамасы және өзге де мәселелер ұсынылды.
Қала бюджетінің атқарылуы бойынша баяндаған @aqtobe_ekonom басшысы Амангүл Уристемованың ақпаратына сәйкес, өткен жылы бюджеттің шығыс бөлігіне 183 млрд.тг. игеріліп, 97,3%-ға орындалған.
📌 Экономика, бюджет және қаржы бойынша тұрақты комиссия төрағасы Жандос Жаңабай 2025 жылғы бюджет әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, инфрақұрылымды дамытуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Депутаттар мен әкімдіктің бірлескен жұмысының нәтижесінде көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғыртуға облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, 17 тұрғын үйде терможаңғырту жұмыстары басталды. Сонымен қатар, 22 лифт жабдығын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.
Әлеуметтік саланың әрдайым басты назарда екенін жеткізіп, инватакси қызметі 3 316 мүгедектігі бар азаматқа қызмет көрсеткенін, 4 625 адамға атаулы әлеуметтік көмек төленіп, 17 838 тұрғын әлеуметтік жәрдемақымен қамтылғанын айтты.
Комиссия төрағасы әлеуметтік жауапкершілік аясында қоғамдық кеңістіктердің құрылысы демеушілер есебінен жүзеге асырылып жатқанын айтып, бұл тәжірибе биыл да жалғасып, 26 қоғамдық кеңістік абаттандырылып жатқанын жеткізді.
Сонымен қатар №51 гимназияға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, теміржол аумағында жер үсті өткелі (жаяу жүргіншілер көпірі) түріндегі инфрақұрылымды ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру және Бауырластар-1, Бауырластар-2, Сазды-2 тұрғын үй алаптарындағы жол құрылысы жұмыстарына қатысты депутаттық сауалдар жолданды.