25 мамыр күні жаңа балалар ойын алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті

25 мамыр күні  жаңа балалар ойын алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті

25 мамыр күні Астана ауданы, Тургенев көшесі, 98/5 мекенжайында жаңа балалар ойын алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы А. Даржанова, №15 сайлау округінің депутаты З. Құрманғалиева және Астана ауданының әкімі Б. Қырықбаев қатысып, тұрғындарды қуанышты оқиғамен құттықтады.

Аталған жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Мердігер ұйым – «ASLANTALAP» МҚБ. Жоба тұрғындардың белсенділігі мен ауызбіршілігінің жарқын үлгісіне айналды.

Балаларға арналған қауіпсіз әрі заманауи ойын алаңы – өскелең ұрпақтың сапалы демалысы мен жарқын болашағына бағытталған маңызды бастама.

Мұндай жобалар ауданның көркеюіне, тұрғындардың өмір сүру сапасының артуына және аула мәдениетінің дамуына оң ықпал етеді.