
Құрметті жерлестер!
Сіздерді Отанға деген адалдық пен ерліктің символына айналған Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – батыр жауынгерлеріміздің қайсарлығы мен қаһармандығын ұлықтайтын, ел бірлігі мен бейбіт өмірдің қадірін терең сезіндіретін ерекше мереке. Майдан даласында ерлік көрсеткен ардагерлеріміз бен тылда тынымсыз еңбек еткен жандардың алдында зор құрметпен бас иеміз.
Ұлы Жеңістің рухы әрдайым елге деген сүйіспеншілікті арттырып, болашаққа сеніммен қадам басуға жігер береді. Батырлардың ерлігі мен еңбегі – кейінгі ұрпаққа мәңгілік өнеге.
Ардақты ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбастарына амандық тілеймін!
Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тұрақтылық орнап, әр шаңыраққа құт-береке, бақ-дәулет толсын! Жерлестеріміздің бірлігі бекем, мерейі үстем болсын!
Ізгі тілекпен, Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы Анар Даржанова