
25 сәуәр күні Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері «Триатлон» саябағында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жоба аясындағы республикалық ағаш отырғызу акциясына белсене қатысты.
Іс-шараға облыс әкімі Асхат Шахаров, қала әкімі Азамат Бекет, еңбек ардагерлері, мемлекеттік орган қызметкерлері, ірі кәсіпорындар, жастар, және белсенді қала тұрғындары қатысты.
«Триатлон» саябағы аумағына 500-ге жуық тал егілді. Олардың қатарында аққайың, шырша, шетен және басқа да ағаш түрлері бар.
Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірде екі айлық сенбілік өткізілуде. Бүгін ақтөбеліктер 1100 гектар аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді.