
27 сәуір күні мәслихаттың индустриялық даму, инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында бірқатар бөлімдердің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есептері тыңдалды.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің 2025 жылға арналған бюджеті 78,8 млрд.теңгені құрады. Оның ішінде, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына, жолдарды күрделі және орташа жөндеуге, әлеуметтік маңызы бар қалалық жолаушылар тасымалын субсидиялауға бағытталды.
Сонымен қатар, қоғамдық көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында жалпы ұзындығы 52 шақырымды құрайтын 15 жоба аяқталып (Кірпішті т/а, Елек өзені арқылы өтетін көпірден Ақтөбе–Орск автомобиль жолына дейінгі реконструкция жұмыстары, Х.Досмұхамедұлы көшесінен Мәңгілік Ел көшесі арқылы Оңтүстік айналма жолына дейінгі учаске, Жаңақоныс-2, Бауырластар-3, Саяжай т/а, Есет батыр т/а №3 ш.а. мектептерге апаратын жолдар және басқа да жобалар), 2026 жылға 16 өтпелі жоба жоспарланған.
Бұдан бөлек жолдарды жазғы және қысқы күтіп ұстауға, 100 аулаларын кешенді абаттандыру жобасына бағытталды.
Құрылыс бөліміне 25 млрд.тг. бөлінді. Оның ішінде Есет батыр ш/а 9 кредиттік үйдің, сондай-ақ 1 жалдамалы тұрғын үйдің құрлысына бағытталып, тұрғын алаптарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуына (электрқуатымен, газбен, сумен жабдықтау) 6,2 млрд.тг бөлінді.
Тұрғын үй инспекциясы бөліміміен 2025 жылда 525 млн теңгені құрайтын 33 лифт ауыстырылып, тұрғындардың пайдалануына берілді.
Отырыс барысында депутаттар мен Қоғамдық кеңес мүшелері бюджет қаражатының тиімді игерілуін қамтамасыз ету, мақсаттарға нәтижелі қол жеткізуге бағытталған бюджетті әзірлеу және орындау бойынша ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ аталған жұмыстардың қала дамуы үшін маңыздылығын атап өтіп, бақылау бағытында бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді.