Мәслихаттың Заңдылық, құқықтық тәртіп мәселелері бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті

- 16 сәуір күні қала бюджетінің атқарылуы туралы аудан әкімдіктері мен қала әкімі аппаратының есебі тұрақты комиссия отырысында тыңдалды.
🔻Астана ауданы әкімдігінің 2025 жылғы бюджеті 6,3 млрд.тг. құрады. Оның ішінде 1,1 млрд.тг. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 48 жобаны жүзеге асыруға бағытталды. Олар ойын, спорт, футбол, баскетбол алаңдарын орнату, ауланы абаттандыру, т.б. жобалар.
1,3 млрд.тг. аудан аумағында санитарияны қамтамасыз ету бағытында жұмсалды. Қаражатқа 9 учаскеде 5 мердігермен тазалық жұмыстары жүргізілді, 146 контейнер және 200 дана көше қоқыс сатып алынды, дезинфекция, т.б. жұмыстары жүргізілді.
2,8 млрд.тг. абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына бағытталды – ағаштарды санитарлық кесу, тротуар салу, аншлагтар дайындау және орнату, арықтарды күтіп ұстау, архитектуралық нысандарды орнату.
1,5 млрд.тг. 9 елді мекенде қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы ұзындығы 92 км жол қамтылды.
🔻Алматы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы бюджеті 5,3 млрд.тг. құрады.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 608,1 млн теңгені құрайтын 25 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде: 7 балалар ойын алаңы, 4 көпсалалы алаң (футбол, воркаут), 4 жаяу жүргіншілер жолы, 1 баскетбол алаңы, 8 аула аумағын абаттандыру нысаны, 1 футбол алаңын жарықтандыру жобасы іске асырылды.
Санитарияны қамтамасыз ету жұмыстарына 1,3 млрд теңге бағытталды. Бұл бағытта 7 учаске бойынша 4 мердігер жұмыс істеді. Сонымен қатар, стихиялық қоқыс үйінділерін жою және шығару жұмыстарын 2 мердігер жүзеге асырды.
Абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 2 млрд теңге бөлінді. Аталған қаражат аясында жасыл желектерді өңдеу, аншлагтарды дайындау және орнату, ағаштарды санитарлық кесу, арықтарды күтіп ұстау, тротуарларды төсеу және басқа да жұмыстар жүргізілді.
Ұзындығы 140 км 58 көшеге асфальт төсеу жұмыстарына 1,3 млрд теңге жұмсалды.
Отырыста қала әкімі аппаратының да есебі қаралды.
Депутаттар мен Қоғамдық кеңес мүшелері жобалардың сапасын бақылауды күшейту,
сондай-ақ абаттандыру ережелерін бұзған азаматтарға қатысты жауапкершілік шараларын қатаңдату бойынша бірқатар ұсыныстар берді.