
13 сәуір күні мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және жер қатынастары бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті.
Отырыс барысында қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы мен ауыл шаруашылығы бөлімдерінің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есептері тыңдалды.
Атап өткенде, 2025 жылда бөліммен жалға алу мерзімдері аяқталған 585,9 га құрайтын жер телімдері мемлекеттік меншікке қайтарылды.
Сонымен қатар, бөлімге қарасты мониторинг тобы 2025 жылда заңсыз орналастырылған сауда дүңгіршектер, жарнамалық конструкциялар бойынша 1 594 факт анықтап, заңға сәйкестендіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізді.
Бұдан бөлек, Digital Qazaqstan стартегиясы аясында жер қатынастар үдерістері цифрлық форматқа көшуде. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер цифрлық форматқа ауысып, мерзімдері мен келісу тетіктері қысқартылды.
Ауыл шаруашылық бөліміне келетін болсақ, бөліммен шаһардың ауыл шаруашылық қожалықтарына мемлекеттік қолдау шаралары, ауыл шаруашылық азық-түлік саясатының негізгі бағыттары, техниканы техникалық байқаудан өткізу бойынша жұмыстар атқарылды.