
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты кейбір учаскелік сайлау комиссияларының құрамына шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелерін сайлау үдерісінің басталуы туралы хабарлайды.
Учаскелік сайлау комиссиясының сандық құрамын учаскедегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 1 сәуір мен 14 сәуір аралығында мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 15 сәуірге дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Даржанова Анар Нұрлыбекқызы - Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Т. Ахтанов көшесі, 50 үй.
Жауапты адам – Ногуманов Рамазан Саидұлы, №42 кабинет, телефон нөмірі 8(7132) 41-64-07
Электрондық пошта мекенжайы ramazan@maslihataktobe.gov.kz
Ақтөбе қаласының сайлау комиссияларындағы бос орындар туралы мәліметтер
|
№ р/н |
Сайлау комиссия-сының нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері
|
Сайлау комиссиясы мүшелері-нің саны |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
1. |
№11 |
Ақтөбе қаласы, Нағым Қобыландин көшесі, 4, «Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы» КММ ғимараты |
1 |
|
2. |
№14 |
Ақтөбе қаласы, Әлихан Бөкейханов атындағы көшесі, 6, «№13 орта мектебі» КММ ғимараты |
1 |
|
3. |
№25 |
Ақтөбе қаласы, Сержан Жаманқұлов көшесі, 14, «Алматы вагон жөндеу зауыты» акционерлік қоғамының «Жолаушылар вагондарын жөндеу-2 филиалы» ғимараты |
1 |
|
4. |
№41 |
Ақтөбе қаласы, Жеңіс даңғылы, 34, «№16 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ ғимараты |
1 |
|
5. |
№43 |
Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 7, «№34 орта мектебі» КММ ғимараты. |
1 |
|
6. |
№105 |
Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс тұрғын үй алабы, «Жастар» шағын ауданы, 3 орам, 13А, «Қ. Сәтпаев атындағы орта мектеп-лицейі» КММ ғимараты |
1 |
|
7. |
№114 |
Ақтөбе қаласы, Қарғалы тұрғын үй алабы, Қ.Сәтпаев көшесі, 72Р, «№3 балалар музыка мектебі» МКҚК ғимараты |
1 |
|
8. |
№119 |
Ақтөбе қаласы, Набережный көшесі, 78, «№43 «Гүлдәурен» балабақшасы» МҚКК ғимараты |
1 |
|
9. |
№121 |
Ақтөбе қаласы, Бөкенбай батыр көшесі, 131Б, «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі» МҚКК ғимараты |
1 |
|
10. |
№125 |
Ақтөбе қаласы, Нефтяников көшесі, 25, «№1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ ғимараты |
1 |
|
11. |
№533 |
Ақтөбе қаласы, Ақжар-2 тұрғын үй алабы, Қайым Мұхамедханов атындағы көшесі, 20, «№45 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ ғимараты |
1 |
|
12. |
№539 |
Ақтөбе қаласы, Темірқазық көшесі, 79, «Жұмабек Тәшенов атындағы № 68 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ ғимараты |
1 |
|
13. |
№555 |
Ақтөбе қаласы, Ораз Тәтеұлы көшесі, 5, «Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» КММ ғимараты |
1 |
|
14. |
№582 |
Ақтөбе қаласы, Алтын Орда шағын ауданы, 6В, «№80 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимараты |
1 |