Мәслихаттың индустриалдық даму, инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті

Мәслихаттың индустриалдық даму, инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті

Қала аумағындағы су тасқынына қарсы шараларға дайындық сұрағы мәслихаттың индустриалдық даму, инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша тұрақты комиссия отырысында талқыланды.

Алматы және Астана аудандары бойынша суағарларды тазалау, бөгеттерді нығайту, арнайы техникаларды жұмылдыру, инерттік материалдармен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарланып, жүргізілуде. Мердігер мекеме – «Техносервис КЗ» ЖШС.

Қазіргі таңда су басу қауіпі жоғары тұрғын алаптарда инженерлік-инфрақұрылымдық қорғау шаралары жүзеге асырылуда. Астана ауданында Құрашасай, Жаңақоныс - 1, 3, 5, Шестихатка және Хобда тас жолы бағытындағы каналдар тазартылды. Сонымен қатар Алтын Орда, Әуеқалашық, Авиатор, Оңтүстік-Батыс, Орталық, Мәскеу аудандарындағы нөсер кәріз жүйелері тазарту жұмыстарымен қамтылды.

Алматы ауданында Есет батыр, Садовое, Сая, Қызылжар-2, 3, Шилісай тұрғын алаптарында суағар арықтарын тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сүт зауыты ауданы, Авиатор-5 бау-бақша ұжымында ескі өтпелі көпірді бұзу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ екі аудан бойынша қар шығару жұмыстары атқарылып, қорғаныс шаралары күшейтілуде.