
Қаладағы пайдаланылмай отырған жер учаскелерін алып қою және қайта бөлу сұрағы мәслихаттың Аграрлық мәселелер, экология және жер қатынастары бойынша тұрақты комиссия отырысында қаралды.
2025 жылы меншік иелерінің өтініші негізінде 25 коммерциялық мақсаттағы учаске, сот шешімі бойынша 14 учаске, жалдау мерзімінің аяқталуына байланысты 23 учаске қайтарылған.
Ал жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген учаскелерден 89-ы қайтарылған, басты себеп - жалдау мерзімінің өтуі мен азаматтардың өз бетімен бас тартуы. Қайтарылған жер учаскелері кезегі келген азаматтарға бөлініп берілді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша нысаналы мақсатына сай пайдаланбауына байланысты 1 шарушылықтың 1000 га жер учаскесі және 1 шаруашылықтың 319,2 га жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Отырыста сондай-ақ жер қатынастарын цифрландыру мәселелері талқыланды. Цифрландыру «Digital Kazakhstan» стратегиясы шеңберінде жүзеге асуда. Жыл басынан бастап Egov.kz жаңа қызметтер қолжетімді болды: жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту, жеке меншікке сату, учаскенің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру. Оған қоса жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекке тұрған азаматтарың тізімі Egov.kz сайттында жарияланған. Азаматтар кезекке онлайн режимде тұрып, кезектің қозғалысын дербес қадағалай алады.