Мәслихаттың Заңдылық, құқықтық тәртіп мәселелері бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті

Мәслихаттың Заңдылық, құқықтық тәртіп мәселелері бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті

Мәслихаттың Заңдылық, құқықтық тәртіп мәселелері бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті.

Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Нұралы Орынбеков басқарманың 2025 жылы атқарған жұмысы туралы баяндады. Жыл қорытындысы бойынша қоғамдық қауіпсіздік бағытындағы қылмыс деңгейі төмендеген: көшеде жасалған қылмыс 4,3%-ға, масаң күйде жасалған қылмыс 3,5%-ға, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар 17,2%-ға.

Учаскелік полиция инспекторларымен алкогольді мәжбүрлі емдеу мекемесіне 124 азамат жолданып, 425 азаматқа қатысты ерекше талап қойылған. Сондай-ақ отбасыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 130 қылмыстық іс тіркелген, 2989 әкімшілік хаттама толтырылған.

Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған құқық бұзушылықтар бойынша 5244 адам бөлімшелерге жеткізіліп, 118 қылмыс тіркелген.

Депутаттар мен Қоғамдық кеңес мүшелері кәмелетке толмағандармен жұмысты күшейту, мектептерде учаскелік полиция инспекторларымен ашық сабақтар өткізу, көңіл көтеру орындарына рейдтік жұмыстарды жүргізу, оқушыларды заңсыз түрде жұмысқа тарту фактілерін болдырмау бағыттарында полиция басқармасымен бірлесіп жұмыстануды ұсынды.