
Мәслихаттың индустриалдық даму, инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық мәселелері бойынша тұрақты комиссиясында әкімдікпен сенімгерлік басқаруға берілген жылы аялдама павильондарының жай-күйі талқыланды.
Отырысқа Экономика және қаржы бөлімі, “Ақтөбе жер мониторингі” КММ, “Энергосистема” ЖШС өкілдері, сенімгерлік басқаруға алған кәсіпкер қатысты.
Қазіргі таңда 23 жылы аялдама павильонының құрылысы толық аяқталғанымен, олардың басым бөлігінде белгілі бір себептермен электр желілеріне қосу жүргізілмеген, электрмен жабдықтаудың жерасты кабель желілерін төсеу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталмаған.
Талқылау барысында аялдамаларға электр желілерін жақын тұрған көпқабатты тұрғын үйлерден тарту мүмкіндігін қарастыру, кәсіпкерлер мен “Энергосистема” мекемесі арасында өзара байланыс орнату ұсынылды. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар мекемелерге жолданып, мәселенің шешілуі бойынша әрі қарай жұмыстанатын болады.