Қала әкімі Азамат Бекеттің қатысуымен мәслихаттың кезекті 33 сессиясы өтті.
Сессияда қала бюджеті нақтыланып, 2026-2028 жылдарға арналған бюджет бекітілді.
Нақтылауда облыстық бюджеттен бөлінген 868,7 млн.тг. көлеміндегі трансферттер қаралып, қаражат көпқабатты тұрғын үйлерде күрделі жөндеу және лифт ауыстыру жобаларына бағытталды.
2026 жылға қалалық бюджеттің шығыс бөлігі 182,1 млрд.тг. көлемінде бекітілді.
Әлеуметтік бағытта тұрғындарға атаулы және кепілдендірілген әлеуметтік төлемдерге, тұрғын үй сертификаттарына, оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедек адамдарға көмектер, инватакси, басқа да төлемдерге 9,5 млрд.тг. бөлінді.
Сондай-ақ жолдарды күрделі және орташа жөндеу жобаларын жалғастыруға, қара жолдарды жөндеуге, қысқы және жазғы күтіп ұстауға, қоғамдық көлік маршруттарын субсидиялауға барлығы 14,7 млрд.тг. бағытталды.
Сессияда депутаттар жол қауіпсіздігі, жолдарды жөндеу, “Халық қатысатын бюджет” жобасының іске асуы, тұрғын үйді модернизациялау бағдарламасы, Кірпішті және Балауса алаптарындағы электр желілерінің жағдайы, №21 мектеп аумағындағы ангар типті спорт ғимаратының құрылысы, Қонаев ат. орта мектеп-гимназиясының аумағында нөсер кәрізін және автотұрақ салу мәселелері бойынша депутаттық сауалдарын жолдады.