Экономика, бюджет және қаржы бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті

Экономика, бюджет және қаржы бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті

17 желтоқсанда мәслихаттың экономика, бюджет және қаржы бойынша тұрақты комиссия отырысында қала бюджетін нақтылау мәселесі қаралды.

Облыстық бюджеттен 868,7 млн.тг. көлемінде трансферттер қарастырылып, қаржыға 7 көпқабатты тұрғын үйде лифтті ауыстыру және 10 үйде (Жаманқұлов, 15 үй, Алтын орда ш.а., 17А/1 үй, Ақ желкен, 4 үй, Әбілқайыр хан даңғылы 18, 20, 21, 44В үйлер, Есет батыр 71А, 73, 110 үйлер) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Сондай-ақ жылдың соңына бірқатар бөлімдер бойынша аяқталуы келесі жылға жоспарланған жобалардың қаржысв, мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы, игерілмеген қаржыларды кері қайтару сұрағы талқыланды.

Депутаттар аулаларды абаттандыру, жолдарды жөндеу, инженерлік желілердің құрылысы бойынша мердігер мекемелердің жұмысына қатысты сыни пікірлерін жеткізіп, ұсыныстарын берді.