
27 қарашада мәслихаттың экономика, бюджет және қаржы бойынша тұрақты комиссия отырысында бірқатар бөлімдерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік жобалары қаралды.
Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Амангүл Уристемова бөлімнің жобасымен қоса жалпы қалалық бюджеттің жобасы бойынша баяндады.
2026 жылға қалалық бюджеттің кіріс бөлігі 182,1 млрд.тг. көлемінде болжануда.
Шығыстар бойынша жолдарды күрделі және орташа жөндеу жобаларын жалғастыруға, қара жолдарды жөндеуге, қысқы және жазғы күтіп ұстауға, қоғамдық көлік маршруттарын субсидиялауға барлығы 14,7 млрд.тг. жоспарланған.
Әлеуметтік бағытта тұрғындарға атаулы және кепілдендірілген әлеуметтік төлемдерге, тұрғын үй сертификаттарына, оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедек адамдарға көмектер, инватакси, басқа да төлемдерге 9,5 млрд.тг. қажет.
Есет батыр шағын ауданындағы 5 коммуналдық тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға 1,4 млрд.тг., «Халық қатысатын бюджет» жобаларына 2 млрд.тг., санитарлық тазалау жұмыстарына 2,7 млрд.тг. қарастырылмақ.
Комиссия отырысында Кәсіпкерлік, Мемлекеттік сатып алулар бөлімдерінің жобалары да қаралып, мемлекеттік сатып алу рәсімі және оны оңтайландыру жолдары бойынша ұсыныстар талқыланды.