Заңдылық, құқықтық тәртіп және Аграрлық мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

Заңдылық, құқықтық тәртіп және Аграрлық мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

14 қараша күні Заңдылық, құқықтық тәртіп және Аграрлық мәселелер,экология және жер қатынастары бойынша тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында бірқатар бөлімдердің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік жобалары талқыланды.

Мәселен, Алматы және Астана ауданы әкімдіктері бойынша қаражат келесі бағыттарда сұратылды:

  • санитариялық жұмыстарға - стихиялық полигондарды шығару, қоқыс алаңдарына қойылған камераларға қызмет көрсету, дезинсекциялық жұмыстар, қоқыс алаңдарын жөндеу және контейнерлер сатып алу, қар шығару;
  • Абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына - жасыл екпелерді және нөсер кәріздерін, арықтарды, су құбыры құдықтарын, ескерткіштерді, гүлзарлар мен стеллаларды, күтіп ұстау, тротуарларды төсеу, аншлагтарды ілу, «Халық қатысатын бюджет» жобаларын іске асыру;
  • Қара жолдарды ағымдағы жөндеу.

Депутаттар аудан әкімдеріне “Халық қатысатын бюджет” аясында салынатын жобалардың сапасын, аудан аумағының санитарлық тазалығын қатаң бақылау, жазғы мезгілде дезинсекциялық жұмыстарға аса мән беру, басқа да ұсыныстарын берді.

Комиссия отырысында Ауыл шаруашылығы, Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің де жұмыс қорытындылары мен бюджеттік жобасы қаралып, тиісті қаулы қабылданды.