Астана және Алматы аудандарындағы атауы жоқ көшелерге атау беру сұрағы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті

Астана және Алматы аудандарындағы атауы жоқ көшелерге атау беру сұрағы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті

9 қазан күні Астана және Алматы аудандарындағы атауы жоқ көшелерге атау беру сұрағы бойынша мәслихаттың тұрақты комиссияларында қоғамдық тыңдаулар өтті.

Тыңдауға мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, жергілікті тұрғындар қатысты.

Алматы ауданы бойынша 27 көше, Астана ауданы бойынша 7 көшенің атаулары талқылауға ұсынылды. Атаулар Республикалық ономастикалық комиссиямен мақұлданған тарихи тұлғалар, жер-су атауларынан алынған. Мәселен, Қызылжар тұрғын алабындағы атауы жоқ 2 көшеге “Тұйғын”, “Жидебай” атаулары, Құрашасай тұрғын алабында атауы жоқ көшеге “Ықылас” атауы ұсынылып отыр. Ұсынылған атаулардың арасында соғыс ардагерлері - Азамат Қазиев, Қияс Сәрсембаев, Ғайса Әбуов, Қуанай Абдрахманов есімдері де бар.

Сол сияқты Балауса, Қарғалы, Сарайшық, Кірпішті, Сарбаз, Жарық, Жаңақоныс-2, басқа да тұрғын алаптардағы атауы жоқ көшелерге атаулар ұсынылды.

Одан бөлек атауларда қайталануды жою мақсатында Жаңақоныс-4 тұрғын алабын “Тұран” тұрғын алабы атауымен өзгерту ұсынылды.

Қоғамдық тыңдауға ұсынылған 35 атаудың 34-і қатысушылардың қолдауын тапты.