Мәслихаттың кезекті 30 сессиясында қала әкімі Азамат Бекеттің 8 айда атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.
Жалпы қаланың дамуында тұрғын үй, көлік, инженерлік инфрақұрылым, аумақты абаттандыру бағыттарында ерекше назар аударылуда. Мәселен, қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын тарту және кеңейту жұмыстарына 15 млрд.тг. қаржы бағытталды. Есет батыр шағын ауданында 12 көпқабатты үйлердің құрылысына бюджеттен 9,2 млрд.тг. бөлінді. Жыл соңына дейін 1727 пәтерлік 10 көпқабатты үйлер пайдалануға берілмек. Көлік инфрақұрылымы бойынша биыл жол және көпірлерді қайта жаңарту бойынша 3 жоба, жаңа жолдардың құрылысы бойынша 28 жоба, күрделі жөндеу бойынша 4 жоба, орташа жөндеу бойынша ауқымды 6 жоба (31 көше) жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ 100 ауланы кешенді абаттандыру жобасы жалғасып, биыл 3 млрд.тг. қаражат қаралды. Одан бөлек биыл қаламызда демеушілер есебінен 12 саябақтар мен скверлерді салу жұмыстары қолға алынып, қоғамдық кеңістіктер дамытылуда.
Сондай-ақ қалалық бюджетті нақтылау жобасы қаралып, депутаттардың қолдауын тапты.
Облыстық бюджеттен 1,1 млрд.тг. нысаналы трансферттер бөлінді. Бұл қаражат Рауан-2, Қарғалы алаптарында сумен қамту желілерін, Өрлеу т.а. автомобиль жолдарын салуға бағытталды.
Қала бюджетінің кіріс бөлігі 7,5 млрд.тг.-ге нақтыланды. Қаражат коммуникация, көлік инфрақұрылымы, әлеуметтік қолдау, басқа да бағыттарда жұмсалмақ. Мәселен, оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға санаториялық-курорттық емдеуге, арнайы қозғалыс құралдары, кохлеарлық импланттарды жөндеуге, басқа да қызметтерге 833,8 млн.тг. бағытталды.
Жолаушылар тасымалын субсидиялауға 3,4 млрд.тг. бағытталды. Инженерлік инфрақұрылым бойынша Жаңаауыл-3 алабына электр, газбен жабдықтау желілерінің құрылысы бойынша ЖСҚ әзірлеуге 25 млн.тг., AKTOBECITY алабында электр желілерінің құрылысына 300 млн.тг. бөлінді.
Жол инфрақұрылымы бойынша Кірпішті, Ясный-2 алаптарында жол құрылысына, Жаңақоныс-5 т.а. жол құрылысына ЖСҚ әзірлеуге, Бауырластар-3 жайлы мектепке жол салуға, Советский, Сеитов көшелері, Ә.Молдағұлова даңғылы (кіші Әлия) жөндеуге, Саяжай т.а. жаңа мектепке жол салуға, сондай-ақ 8 көше бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын бастауға қаражат қаралды.