Аудан әкімдіктерінің 7 ай ішінде атқарылған жұмыстарының есебі мәслихаттың экономика, бюджет және қаржы бойынша тұрақты комиссия отырысында қаралды.
Биыл аудан әкімдіктерімен жаяу жүргіншілер жолдарын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Астана ауданы бойынша 8,9 мың м2 жаяу жүргіншілер жолының құрылысы аяқталды (жоспар 12,7 мың м2). Одан басқа Жаңақоныс-3, 4 және Бауырластар-4, 5 алаптарында қиыршық тас төселіп, Сазды-2 алабына төсеу жоспарда. Алматы ауданы бойынша қаланың ескі бөлігі (Ломоносов, Жанқожа батыр, Уәлиханов, 312 атқыштар дивизиясы көшелері), Сүт зауыты, Құрмыш аудандарында 7,7 мың м2 жаяу жүргіншілер жолдары салынды (жоспар 10,3 мың м2).
Жасыл желектерді күтіп-ұстау жұмыстарына Астана ауданы бойынша «InvaProfi» МҚБ (68,6 млн.тг.), Алматы ауданы бойынша «Social Inva» МҚБ (34,6 млн.тг.) жұмыс жасайды. Жұмыстар қазан айына дейін жалғасады.
Сондай-ақ комиссия отырысында қалалық бюджетке өзгеріс енгізу жобасы талқыланды. Жобамен коммуникация, көлік инфрақұрылымы, әлеуметтік қолдау, басқа да бағыттарда қосымша қаржы бөлу қарастырылуда.
Мәселен, Жаңаауыл-3 алабына электр, газбен жабдықтау желілерінің құрылысы бойынша ЖСҚ әзірлеуге 25 млн.тг., AKTOBECITY алабында электр желілерінің құрылысына 300 млн.тг. бөлу сұрағы шығарылды. Сондай-ақ облыстық бюджеттен Рауан-2, Қарғалы алаптарында сумен қамту желілерін салуға 677,5 млн.тг. бөлінді.
Жол инфрақұрылымы бойынша Кірпішті, Ясный-2 алаптарында жол құрылысына 279,4 млн.тг., Советский, Сеитов көшелері, Ә.Молдағұлова даңғылы (кіші Әлия), Саяжай т.а. жаңа мектеп жолдарын жөндеуге 370 млн.тг. қаралмақ.
Депутаттар ауланы абаттандыру, қиыршық тас төсеу, көшелерді асфальттау мәселелері бойынша жауапты мекемелерге сұрақтары мен жұмыс сапасы бойынша наразылықтарын жеткізіп, өз ұсыныстарын берді.