30 шілде күні депутат Абай Сақтағановтың төрағалығымен өткен мәслихаттың индустриалдық даму, инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша тұрақты комиссиясында қаланың саябақтары мен гүлбақтарын көгалдандыру, абаттандыру және субұрқақтарды күтіп ұстау жұмыстарының есебі тыңдалды.
Бүгінгі таңда қала аумағында 19 субұрқақ іске қосылды. Субұрқақтарды күтіп ұстау бойынша жауапты мердігер мекеме «Green Connect Solution Kazakhstan» ЖШС айналысады. Сонымен қатар, көгалдандыру жұмыстары аясында:
303 031 шаршы метр аумаққа газон,
23 217 шаршы метрге декоративті көпжылдық шөптер,
28 172 шаршы метрге біржылдық,
25 616 шаршы метрге көпжылдық гүлдер егілді.
Бұл жұмыстарды мердігер – ООИ «Inva Profi» мекемесі атқаруда.
Комиссия отырысының барысында күтіп ұстауға жауапты мердігер мекемеге бірқатар тапсырма жүктелді. Атап айтқанда, қала аумағындағы арамшөп өсіп кеткен учаскелерді тазалау, гүлдер мен газондарды уақытылы суару жұмыстарын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.