Округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшесінен шығып қалғандардың орнына мүшелерін сайлау туралы Ақтөбе қалалық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Округтік және учаскелік сайлау комиссияларының  мүшесінен шығып қалғандардың орнына мүшелерін сайлау туралы Ақтөбе қалалық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты 4 округтік және 14 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелерін сайлау үдерісінің басталуы туралы хабарлайды.

Округтік сайлау комиссиясы бес мүшеден тұратын құрамда құрылады.

Учаскелік сайлау комиссиясының сандық құрамын учаскедегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылғы 25 шілде  мен 8 тамыз аралығында  мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

         2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.    

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 9 тамызға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.

 

Даржанова Анар Нұрлыбекқызы - Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Ақтөбе қаласы,  Т. Ахтанов көшесі, 50 үй.

Жауапты адам – Ногуманов Рамазан Саидұлы, №42 кабинет, телефон нөмірі 8(7132) 41-64-07

Электрондық пошта мекенжайы maslihataktobe@mail.ru

 

Ақтөбе қаласының сайлау комиссияларындағы

бос орындар туралы мәліметтер

 

р/н

Сайлау комиссия-сының нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

 

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

 

1

2

3

4

 

Округтік сайлау комиссиясы

 

 

1.                            

№2

Ақтөбе қаласы, Асау Барақ көшесі, 124,

«№2 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия» КММ ғимараты

1

 

2.                  

№8

Ақтөбе қаласы, А. Пушкин көшесі, 68,

«№12 орта мектебі» КММ ғимараты

1

 

3.                  

№19

Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 14/8,

«Ақтөбе қаласының №48 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ғимараты

1

 

4.                  

№28

Ақтөбе қаласы, Ақжар-2 тұрғын үй алабы,

Қайым Мұхамедханов атындағы көшесі, 32,

«Ақтөбе қаласының №49 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимараты

1

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

 

5.                  

№8

Ақтөбе қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі, 24,

«Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» МҚКК ғимараты

1

 

6.                  

№21

Ақтөбе қаласы, А.Пушкин көшесі, 68,

«№12 орта мектебі» КММ ғимараты

2

 

7.                  

№25

Ақтөбе қаласы, Сержан Жаманқұлов көшесі, 14, «Алматы вагон жөндеу зауыты» АҚ «Жолаушылар вагондарын жөндеу-2 филиалы» ғимараты

2

 

8.                  

№30

Ақтөбе қаласы, Кірпішті тұрғын үй алабы,

Кирпичный көшесі, 5,

«№18 орта мектебі» КММ ғимараты

1

 

9.                  

№89

Ақтөбе қаласы, Павлов көшесі, 3,

ҚР ІІМ ҚАЖК «№70 мекеме» РММ ғимараты

1

 

10.              

№100

Ақтөбе қаласы, Қарғалы тұрғын үй алабы,

Н.Байғанин көшесі, 2А, «Мұхтар Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі» КММ ғимараты

1

 

11.              

№107

Ақтөбе қаласы, Өрлеу тұрғын үй алабы, 2А,

«Ақтөбе қаласы №57 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимараты

1

 

12.              

№556

Ақтөбе қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 4А,

«Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимараты

1

 

13.              

№559

Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 14/8,

«Ақтөбе қаласының №48 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ғимараты

2

 

14.              

№577

Ақтөбе қаласы, Астана ауданы,

Бауырластар-2 тұрғын үй алабы, 170А,

«Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №66 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимараты

1

 

15.              

№578

Ақтөбе қаласы, Ақжар-2 тұрғын үй алабы, 2,

«Мәлік Ғабдуллин атындағы №70 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ ғимараты

1