Парламент Мәжілісінің депутаты Қазыбек Әлішев қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті.
Қазыбек Құрманғалиұлы жол саласындағы және жануарларды қорғау туралы нормативтік актіге енгізуге әзірленген өзгерістер, мүлік иелерінің бірлестіктері бойынша реформалар жайында депутаттарға ақпарат берді.
Мәслихат депутаттары өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешу бойынша ұсыныстарын берді. Оның ішінде бау-бақша ұжымдарындағы иесіз трансформатор, жол, жеке меншіктегі газ желілерінің мәселелері, көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарындағы проблемалар, жол құрылысының сапасы, басқа да проблемалық сұрақтарды жеткізіп, “Халық қатысатын бюджет” бағдарламасының тәртібін, мемлекеттік жергілікті басқару заңындағы депутаттардың өкілеттігін қайта қарау, төтенше апаттан зардап шеккен тұрғын үй иелеріне әлеуметтік жағдайына қарай мемлекет тарапынан көмек қарастыру ұсыныстарын берді.
Мәжілісмен Қазыбек Әлішев көтерілген сұрақтар мен ұсыныстарды бойынша депутаттармен бірлесіп жұмыстануға дайын екендігін атап өтті.