ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен мәслихат депутаттары үшін ұйымдастырылған екі күндік тәжірибеге бағытталған тренингтің екінші күні өтті.
Депутаттар бюджеттің орындалуын бақылау, ашық бюджеттік ақпараттармен жұмыс, тұрғын үй коммуналдық бағыттағы мәселелер, көпқабатты тұрғын үйлердегі инженерлік желілерді модернизациялау, мәслихат шешімдеріне азаматтық қоғамның қатысуы, басқа да тақырыптарда ақпарат алды.
Тренинг қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Айта кетсек, 26-27 мамыр күндері өткізілген бұл тренингке Ақтөбе қалалық және аудандары мәслихаттарының депутаттары, қызметкерлері қатысты.
Шараны ұйымдастырушылар - Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры, ҚР Президенті Іс басқармасы жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының «Парламентаризм институты» .
Қатысушылар тренингтің өтуіне қолдау білдірген және ұйымдастырушы қорының президенті Зәуреш Батталоваға директорының орынбасары Ляззат Сүлейменге, ақпарат ұсынған барлық сарапшыларға алғыстарын жеткізіп, оқудың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.