В Актобе почтили память Героя Советского Союза Алии Молдагуловой

В Актобе почтили память Героя Советского Союза Алии Молдагуловой

Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы Әлия Молдағұлованың туғанына биыл 100 жыл.

17 жасында майданға сұранып, әйелдерге арналған мергендік даярлық мектебіне 1 жыл тәжірибе жинап, 18 жасында қарулы, қанды қақтығысқа ортасына тап болды. Балтық жағалауы флотының 22 әскери тобы 54 атқыштар бригадасы құрамында болды. 1944-жылы қаңтарда Псков облысындағы шайқаста қаза тапты. Сол жылы маусымда оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Қазақтың қаһарман қызының ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес.

Бүгін Ақтөбеде батыр қыз Әлияны еске алып, мемориалдық кешенге және ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, облыс және қала басшылығы, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, өзге облыстарынан келген делегациялар, сондай-ақ Әлия Молдағұлованың туыстары мен басқа да азаматтар қатысты.

Жиналғандар аты аңызға айналған мерген қыздың жарқын бейнесін бір минут үнсіздікпен еске алды. Дәстүрлі әскери оркестрдің сүйемелдеуімен гүл себеттері қойылды.