Мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы

Мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы

Мәслихат төрағасы Анар Даржанова, Заңдылық, құқықтық тәртіп мәселелері бойынша тұрақты комиссия мүшелері Төтенше жағдайлар басқармасы және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесі бойынша қалалық жағажайларға мониторинг жүргізді.

Жалпы қала бойынша 23 жағажай бекітілген (20 жеке, 1 коммуналды, 2 аквапарк). ТЖ басқармасымен оның 20-сына түбін тексеру жұмыстары жүргізіліп, тек 7 жағажайға рұқсат берілген: Tropicana, BarBQ, Green Land, Алау, Сазды, Семейный, Рахат.

Мониторинг барысында «Тропикана», «Отбасылық» жеке жағажайларына және Елек өзені бойындағы тыйым салынған орындар қамтылды. Бұл жеке жағажайлар тексеру актісіне сәйкес жұмыс жасауда, құтқарушылар тобымен, қажетті жабдықтармен, жүзу құралымен, стендтермен қамтылған. Құтқарушылардың айтуынша жаз маусымында мыңға жуық адамдар құтқарылады және бұл көп жағдайда белгіленген шектен тысқары жерде шомылған, масаң күйде суға түскен азаматтар.

Тыйым салынған орындарға келер болсақ, қала бойынша 18 орын анықталған. Қыркүйек айына дейін осы орындарда ТЖ басқармасының, 6655 ұлттық гвардиясының және Полиция басқармасының қызметкерлері рейдтік іс-шараларды жүргізеді. Депутаттар мен Қоғамдық кеңес мүшелері де рейдтік шараларға қатысуға ұсыныс білдірді.

Өткен жылы су айдындарында 6 адам қаза болған. Биыл суға түсу маусымы ашылмай жатып 1 бала қаза болды. Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатымен су айдындарында барлығы 33 бақылау камералары орнатылып, ТЖД, полиция қызметкерлері, еріктілер тартылған, 43 арнайы техника, 6 жүзу құралымен қамтылған.

Қала тұрғындарынан тыйым салынған орындарда суға түспеуді және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.