29 мамыр күні мәслихаттың Заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Жеңістің 80-жылдығына орай әлеуметтік көмек көрсету, Тұрғын үй мөлшерін және тәртібін айқындау туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу, кейбір атаусыз көшелерге атау беру, басқа да сұрақтар қаралды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен Жеңістің 80-жылдығына орай ҰОС қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне олардың жерленген жерлеріне жол жүру шығындарын өтеуге қатысты жоба ұсынылды.
Тұрғын үй мөлшерін және тәртібін айқындау туралы мәслихаттың шешіміне енгізуге ұсынылған өзгеріске сәйкес, құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету/бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімі 8 күннен 6 күнге қысқартылады.
Сондай-ақ депутаттардың қарауына Астана және Алматы аудандарындағы атауы жоқ 21 көшеге атау беру сұрағы шығарылды. Айта кетсек, бұл мәселе бойынша алдын-ала қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, жергілікті тұрғындардың пікірі ескерілген болатын. Мәселен, Қызылжар-2, Кірпішті, Жарық, Балауса, Жаңақоныс, Жаңақоныс-2, Бауырластар-2, басқа да тұрғын алаптардағы атауы жоқ көшелерге Ұлы Отансоғысына қатысып, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Қызыл жұлдыз», «Даңқ» ордендерімен, басқа медальдермен марапатталған Ақтөбе облысының тумалары – Нұрмұхан Кенжебаев, Бисембі Нұрлыбаев, Шәкір Төлемісов, Назарбай Сүндетбаев, Аймұханбет Құттымұратов, басқа да батырларымыздың есімдерін беру ұсынылды.
Депутаттар қаралған мәселелер бойынша өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, тұрғын алаптардағы атаусыз көшелерге атау беру мәселесін жеделдету бойынша тұрғындардың сұранысын жеткізді. Барлық қаралған сұрақтарды мәслихат сессиясына қарауға енгізіледі.