Облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

Облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

2025 жылғы 16 сәуір күні облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында Ақтөбе облысының аумағында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу туралы мәселе қаралды.

✔️ Отырыста «Батысқазжерқойнауы» Батыс Қазақстан өңіраралық геология департаментінің басшысы Әміржан Оразғалиевтің баяндамасы тыңдалды.

🔸 Оның айтуынша, Батыс Қазақстан аумағының, оның ішінде Ақтөбе облысы аумағының геологиялық зерттелуін арттыру және минералдық шикізат қор өсімін молайту мақсатында департамент мамандары 2024 жылы 102 кіші бағдарлама бойынша 3 объектіде жұмыстарды бастаған. Ал биыл бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 708,7 млн теңге қаржы бөлінген.

🔹 Бүгінде Ақтөбе облысы бойынша барлығы 166 кен орны мемлекеттік теңгеріммен есепке алынған. Оның 86-сы — кендік пайдалы қазба кен орны. Олардың қатарында асыл металл, түсті металл, қара металл, жанғыш пайдалы қазба және металл емес пайдалы қазба кен орындары бар. 2023 жылы негізгі металдар бойынша қор өсімі байқалған. Мәселен, 489 мың тонна хром, 1468 келі алтын, 6984 мың тоннадан астам мұнай алынған.

▪️ Жиында облыстық мәслихат депутаттары баяндамашыға сауалдарын қойып, ұсыныс-тілектерін жолдады.