📌 2025 жылғы 26 наурыз кү облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысында жастар арасында нашақорлықты төмендетуге бағытталған шаралар мен Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық келісімді нығайту жөніндегі қызметі туралы мәселелер қаралды.
✔️ Отырыста аталған екі мәселе бойынша облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мұрат Сейталин мен
облыстық жастар саясат мәселелері
басқармасының басшысы Мирхан Ермағанбетов, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Арыстанбек Төлеуов хабарлама жасады.
🔹 Облыста 2023-2025 жылдарға арналған есірткіге қарсы және нашақорлықтың алдын алу жөніндегі кешенді жоспар аясында жастармен және жасөспірімдермен жұмыс жүргізу ерекше назарға алынған. Дегенмен бұл ретте әлі де мәселелер бар.
🔸 Осыған байланысты депутаттар өз сауалдарын қойып, ұсыныстарын айтып, есірткіге тәуелділіктің алдын алуда мемлекеттік органдардың өкілдеріне бірлесе жұмыс жасау керектігін жеткізді. Жастар арасында нашақорлықты болдырмау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу қажеттігін баса айтты.