Облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

Облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

2025 жылғы 13 наурыз күні облыстық мәслихаттың бюджет ,
өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында көпқабатты үйлердегі жылу мен суды есепке алу мәселесі қаралды.

✔️ Отырыста баяндама жасаған облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Серік Дәулетов облыс бойынша қалыптастырылған үйге ортақ жылуды және суды есепке алу аспаптарын орнату бойынша жоспар 86%-ды құрайтынын, оның ішінде жылу есептеуіштер– 73,1%, су есептеуіштер 96,1% екенін жеткізді.

🔹 2024 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында жоспар толығымен орындалып, есепке алу аспаптарын орнату деңгейі 88%-ға жетіп отыр.
Мәселен, өңірде 773 көппәтерлі тұрғын үйге барлығы 889 жалпыүйлік жылу есептегіш аспап орнатылса, су есептеуіштер 1 536 көппәтерлі тұрғын үйге қондырылған.

🔸 Отырыста депутаттар жауапты мекеме мамандарына өз сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.