Облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

Облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

📌 2025 жылғы 19 ақпан күні облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында Ақтөбе облысында ветеринарлық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың жұмыстары туралы мәселе қаралды.

✔️ Облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаеваның төрағалығымен өткен отырыста ветеринария саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

🔹 Ақтөбе облысы бойынша аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау
инспекциясының басшысы Кеңес Қанадбаевтың айтуынша, 2024 жылы облыста бруцеллез,  туберкулез сияқты созылмалы жұқпалы ауруларға, эпизоотияға  қарсы іс-шаралар, жануарлар  ауруларының  алдын  алуға  және  адамдарға  жұғуын болдырмау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілген. Мәселен, бруцеллезге  750 116 бас ірі  қара, ұсақ малдан 1 322 633 бас тексерілген.
Сондай-ақ 16 871 түйе мен 500 шошқа тексеріліп, олардан ауру анықталмаған. Ал оң нәтиже берген  мал ет өңдеу кәсіпорындарына союға  тапсырылып, мал иесі есебінен залалсыздандыру  жұмыстары жүргізілген.

🔸 Депутаттар отырыста баяндамашыға сауалдарын қойып, осы салаға қатысты ұсыныс-тілектерін жеткізді. Мысалы, депутаттар етті өңдеу цехы бар сою пункттерін салу, облыстың аудандарына инсинераторлар сатып алу, ветеринарлардың жұмысын біріздендірілу мәселесін қозғап, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту керектігін айтты.

📍Былтыр облыстық мәслихат депутаттарының қолдауымен облысқа 2 жылжымалы инсинератор, 10 автомашина сатып алынған. Сондай-ақ 2024 жылы ветеринарлардың жалақысы көтерілді. Биыл да осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Алдағы уақытта депутаттар жұмыс тобын құрып, кәсіпорындарды, сауда орындарын, шаруашылықтарды аралайтын болады.