
Облыстық мәслихат депутаттарының,
барлық мүдделі тұлғалардың назарына
Облыстық мәслихаттың кезекті жиырма бесінші сессиясы 2026 жылғы 24 маусымда сағат 10.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.
К ү н т ә р т і б і:
1.1. Ақтөбе облысының даму жоспарын іске асыру туралы баяндама.
Баяндамашы: А.Ә.Әбдікәрімов – облыс
әкімінің орынбасары
1.2. 2025 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша Тексеру комиссиясының баяндамасы.
Баяндамашы: Қ.Ы.Кенжин - Ақтөбе облысы бойынша
Тексеру комиссиясының төрағасы
1.3. 2025 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссияның қорытындысы.
Хабарламашы: Н.Ж.Махамбетов – облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі
тұрақты комиссиясының төрағасы
Хабарламашы: Н.С.Мақсатов – экономика және
бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2026 жылғы 24 маусымда сағат 10.00-де мына электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.
Облыстық
мәслихаттың төрағасы Г.Сүйінтаева