Мәслихат комиссияларының отырысында 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы талқыланды.

Мәслихат комиссияларының отырысында 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы талқыланды.

Облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаеваның қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында басқарма өкілдері өткен жылы атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді.
Комиссия отырысында Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, цифрлық технология, жер қатынастары басқармалары мен полиция департаментінің басшылары есеп беріп, бюджеттен бөлінген қаржы тиімді игерілгенін жеткізді.
Облыстық мәслихат депутаттары баяндамашыларға сауалдарын жолдап, ұсыныс-тілектерін жеткізді.