Ақтөбеде шахматтан «Senat Open – 2026» III ашық кубогінің 1/4 финалы өтті.

Ақтөбеде шахматтан «Senat Open – 2026» III ашық кубогінің 1/4 финалы өтті.

Ақтөбе қаласындағы А.Досжанова атындағы Conference Hall ғимаратында шахматтан «Senat Open – 2026» III ашық кубогінің 1/4 финалы өтті.
Жарысқа түрлі сала өкілдерінен 163 шахматшы қатысты. Атап айтқанда, 12 ауданның мәслихат депутаттары мен мәслихат аппараттарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлері, қоғамдық кеңес мүшелері, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет саласының өкілдері, құқық қорғау және күштік құрылым қызметкерлері, ақпараттық кеңістік өкілдері және ардагерлер бақ сынады.
Ашылу салтанатында облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева бастаған облыстық мәслихат депутаттары, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері құттықтау сөз сөйледі.
Турнирдің негізгі мақсаты – шахмат спортын кеңінен насихаттау, халық арасында интеллектуалды спорт түріне деген қызығушылықты арттыру, түрлі сала өкілдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ бұқаралық шахмат қозғалысын дамыту болып табылады. Сонымен қатар, жарыс мемлекеттік қызметшілер, депутаттар мен қоғам өкілдері арасында салауатты өмір салтын дәріптеуге және өңірлер арасындағы өзара байланысты күшейтуге бағытталған.
Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты әрі қызықты бәсекеге толы болды. Жарыс қорытындысы бойынша 35 үздік қатысушы анықталып, олар 2026 жылғы 6 маусымда Маңғыстау облысында өтетін жартылай финалда өңіріміздің намысын қорғайтын болады.
Турнир барысында Ақтөбе облысында шахматтың дамуына үлес қосып жүрген бапкерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Қазақстан шахмат федерациясы дипломдарымен марапатталды.
Сонымен қатар, турнир аясында әр сала бойынша жеңімпаздар анықталып, шахмат саласына еңбегі сіңген азаматтарға ерекше құрмет көрсетілді. 90 жасқа келген ардагер шахматшы Анатолий Папсуев, Қобда ауданынан келген ақсақал Жұмағалиев Жауғашты және ел чемпиондарын тәрбиелеп жүрген тәжірибелі бапкер Темірлік Нұғыманов Берік шапан жауып, құрметке ие болды.