
09 мамыр 2026 жылы Жеңіс күнінде Ақтөбеде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға арналған мемориалдық кешенге гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Асхат Шахаров, тблыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева қатысты.
Аты аңызға айналған мерген, шығыстың қос шынарының бірі - Әлия Молдағұлованың рухына тағзым етуге депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен ардагерлер бірлестіктерінің мүшелері, сондай-ақ қала тұрғындары жиналды.
Іс-шараға қатысушылар майдан даласында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Одан кейін мемориал алдына елдің азаттығы мен бейбіт болашағы жолында жанын қиған батырларға тағзым ретінде гүл шоқтары қойылды. Салтанатты рәсімге кешен маңында сап түзеген құрмет қарауылы ерекше көрік берді.
Сондай-ақ бұл күні ақтөбеліктер Даңқ обелискісіне жиналып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандарды еске алды.
Жиналғандар майданда ерлік көрсеткен жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Мемориалға гүл шоқтарын қойды.
Жеңіс күнінде гүл шоқтарын қою рәсімі «Зеңбірек» ескерткіш-обелискісінде, «Бауырластар зиратында», сондай-ақ Мәншүк Мәметованың ескерткіш-бюсттері жанында да өтті.