Ақтөбе облыстық мәслихаты төрағасының Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

Ақтөбе облыстық мәслихаты төрағасының Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

Құрметті ақтөбеліктер, Қарулы Күштер жауынгерлері мен ардагерлері!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке 1992 жылғы 7 мамырдан бері елімізде аталып өтіледі. Бұл күн Отан үшін қалтқысыз қызмет ететін рухы мықты, ержүрек азаматтардың
 мерекесіне айналды. Қасиетті атамекенімізді қорғауды кәсібіне айналдырған біздің жауынгерлеріміз бен офицерлеріміз — патриотизмі мен ерлігі, өз мамандықтарына деген сүйіспеншілігі  үшін құрмет пен даңққа лайық!

Қазақстанда еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға, заманауи және кәсіби армия құруға ерекше көңіл бөлінуде. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың құрметті міндетіне, аға буынның ерлік және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриотизмнің адамгершілік мектебіне айналды.

Сондықтан бүгінгі мерекеде Отан қорғаушыларға мықты денсаулық, зор бақыт, жаңа жетістіктер мен табыстар тілеймін! Мереке құтты болсын!

Құрметпен, облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева