Ақтөбе облыстық мәслихаты төрағасының Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Ақтөбе облыстық мәслихаты төрағасының Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Құрметті ақтөбеліктер!

Баршаңызды 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз ел тарихындағы ерекше күннің бірі әрі бірегейі де осы мереке. Өйткені бұл мереке — бірлік пен достықтың шынайы көрінісі. Барша қауымның жүрегінен орын алған осы мерейлі мерекені Қазақстан халқы ерекше көңіл күймен атап өтеді.

Түріміз басқа болғанымен, тілегіміз бір, жүзіміз басқа болғанымен, жүрегіміз бір адамдармыз. Баршамызды айрандай ұйыған біртұтас ел ететін тағы бір маңызды фактор, ол — мемлекеттік тіл.
Сондықтан бұл мерекенің маңызы үлкен, тарихы терең.

Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Береке мен бірлігіміз арта берсін!

Игі тілекпен, облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева