
11 сәуір 2026 жылы облыстық мәслихат депутаттары “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында №82 орта мектеп ұжымымен бірге сенбілікке қатысып, ағаш көшеттерін екті.
Олар мектеп ауласына терек және жеміс ағаштарын егіп, білім беру орны аумағының алдағы уақытта әдемі болып, жасыл желекке толуына атсалысты.
Мектеп басшылығы Гүлқасима Рамазанқызы бастаған халық қалаулыларына алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Қала тазалығы — бұл ортақ іс, ортақ абырой. Сондықтан біз екі айлық тазалық акциясы аясында қаламыздың көркеюіне, тазалығына үлес қосатын боламыз. Акция асында бүгін де қаламыздағы барлық мекемелер, кәсіпкерлік субьектілері, тұрғындар да сенбілікке шықты. Бұл бағыттағы шаралар жалғасады. Барлық ақтөбеліктерді туған қаламыздың тазалығына атсалысуға шақырамыз,— дейді облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева.
Айта кету керек, бүгін екі айлық аясында облыстық мәслихат аппараты ұжымы да сенбілікке шығып, бөлінген аумақты қоқыстан тазартты.